Қазақстандағы қоғамдық көлік секторын дамыту саясатына шолу

ПРООН осы жобасының мақсаты қала көлігіне баса назар аудара отырып, Қазақстандағы қоғамдық көлік секторына кешенді және кең масштабты шолуын жасау болып табылды . Талдау Алматы қаласы үшін 2013-2023 жж. тұрақты қала көлігін дамыту Жобасының бұрын жасалған жұмысына негізделеді, сонымен қатар Қазақстандағы қала көлігінің инфрақұрылымын жақсарту үшін қаржыландыру мүмкіндіктерін жетілдіру және шешімдер қабылдауға қатысуы мүмкін заңнамаға өзгертулер енгізу туралы халықаралық ұйымдардың ұсыныстарына негізделеді.

BDC Consulting кеңесшілері ETC Germany -мен бірлесіп жолаушылар көлігі саласында қолданылатын нормативті актілер жағдайына толық талдау жүргізді; заңдар мен нормативті актілерге тиесілі түзетулер енгізу үшін алдыңғы қатарлы халықаралық практика негізінде ақылға қонымды негіздемені әзірлеуде ПРООН мамандарына көмек көрсетті.

Қоғамдық көлікті ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын мамандандырылған ұйым жасау мақсатында Инвестициялар мен даму Министрлігі үшін заңнамаға өзгертулер енгізу бойынша концептуалды ұсыныстар әзірленді .

Кеңесшілер ҚР Үкіметіне қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастыру бойынша барлық міндеттерді жергілікті билік органдарына тапсыру және осымен байланысты кез-келген ережені азайтуды тапсырды. Жолаушылар көлігін ұйымдастырудағы Ұлттық Үкімет әрбір қадамына қатысатын ағымдағы үлгісі Қазақстандағы қоғамдық көлікті дамыту үшін қатты теріс фактор болып табылады . Міндеттерді жеңілдету және басқаларға тапсыру қажет, сол арқылы қоғамдық көлік туралы жаңа Заңды толығымен шығару керек.

Қоғамдық көлікке біліктік келісімдерді енгізу туралы мәселені (ВК) қарастыра отырып,  ETC Germany    және BDC Consulting  кеңесшілері аймақтар мен қалалардағы әр түрлі қажеттіліктерді ескере отырып, осы мәселеге қатысты анағұрлым сәйкес келетін үлгіні әзірледі.

Кеңесшілердің дайындаған шолу есебі жүргізілген кешенді талдау нәтижелерінен, сонымен қатар Алматы қаласының қоғамдық көлік секторын жақсартуға және Қазақстандағы қолданыстағы тәжірибе мен халықаралық тәжірибе негізінде секторды тиесілі дамыту секторын жақсарту үшін дайындалған ұсыныстардан тұрады. Осы ұсыныстар заңнамалық, реттейтін және институционалдық шектерді жақсартуға, сонымен қатар Қазақстандағы көлік қозғалысынан болатын зиянды қалдықтарды  шығару деңгейін  төмендету және қоғамдық көлікті тұрақты дамытуды алға жылжытуда әлеуетті көтеруге бағытталған.