Қызылорда қаласы Қызылорда облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Қазақстан орталық статистика басқармасының мәліметтері бойынша, 2015 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша Қызылорда облысында 753 200 адам тұрады, олардың 260 817 адамы Қызылорда қаласында 240 км² аумағында тұрады. Қызылорда экономикасы негізінен мұнай мен табиғи газ өндірісіне негізделген қала аймағындағы қызмет көрсету саласы дамыған. Қаладағы жұмыс істеп тұрған екі күріш зауыттарымен күрішті өндіру мен өңдеу қаланың тағы бір маңызды саласы болып табылады. Қызылорда – қаланың мемлекеттік университеті мен басқа да оқу орындарында оқитын аймақтағы 150 000 студентімен алдыңғы қатарлы білім беру орталығы да болып табылады. Қызылорда жер пайдаланудың аралас түрлерімен де сипатталады: тұрғын үйлер, сауда кәсіпорындары, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары және барлық қала бойынша орналасқан қызмет көрсету ұйымдары .
Қазақстанның көптеген орта қалалары сияқты, Қызылордадағы қалалық көлік секторы тиісті инвестициялардың жеткіліксіздігімен бірге тиесілі басқарудың болмауынан зардап шекті. Қаладағы көлік қызметтері тек бір ғана көлік түрімен - жеке жүргізушілер басқаратын автобустармен қамтамасыз етілді. Қалалық көлік қызметтерінің сапа деңгейі үнемі нашарлап отырды, бұл, ең алдымен, сапа стандарттарына сәйкестендіруге лицензиялар берілмеген кезде, нормативтік құқықтық базаның әлсіздігімен байланысты болды. Сонымен қатар, анағқрлым сапалы қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге жүргізушілерге ынталандырудың болмауы және бақылаудың келісімшарттың механизмдерінің болмауы кестені сатамаумен, қарбалас сәттерді негізгі табыс көп түсетін бағыттарды автобустардың шамадан тыс ұсыныстарымен және тиесілі қызмет көрсетудің болмауы жағдайды одан әрі ушықтарды.
Қызылордадағы қоғамдық көліктер қаржыландыру жетіспеушілігіне және тиісті заңнамалық базаның жоқтығына тап болды. Қызылорда облысының әкімдігі Еуропалық қайта құру және даму банкіне (ЕҚДБ) 2013 жылы қаланың қоғамдық көлік саласын реформалауға көмектесу туралы жүгінді. ЕҚДБ мәселенің барлық аспектілерін зерттей келе, қала паркін жаңа СПГ автобустарымен жаңарту; СПГ-автобустарына техникалық қызмет көрсету және жанармай құю үшін толықтай қамтамасыз етілген Депо құрылысы, жеке операторларды заңды субъектілерге консолидациялау жолымен секторды дамыту үшін сенімді институционалды орта мен нормативті -құқықтық базасын жасау, билеттерді саиудың кешенді жүйесін дамыту және ДКП арқылы жеке сектор үшін автобус қызметтерін көрсетуге тендерлер өткізудің мөлдір режимін енгізу үшін облыс әкімдігіне тиесілі «Қызылорда автобазасы» ЖШС көлік компаниясына 18,8 миллион АҚШ долларына дейін несие берді.
Несиелендіру шарттары: қарыз мерзімі - 10 жыл, соның ішінде жеңілдік мерзімі 3 жыл, сыйақы мөлшерлемесі– жылдық 4,5 %. (*жылдық тиімді мөлшерлемесі - 5,12%).
Жылжымалы құрамды модернизациялау жалпы Қызылорда қаласындағы қоғамдық көлікті дамыту үшін түбегейлі маңызға ие болды. Сондықтан, барлық бағыттар мен ескі автобустар қолданыстан шығарылды және жаңа автобустармен алмастырылды . Жолаушылардың сұраныстарын ескерумен, жерді пайдалану және қоғамдық көлікті жақсарту бойынша басқа да шараларды ескерумен стандартты ЕҚДБ 92 Жобасының есебінен алынған сыйымдылығы үлкен автобустардың СПГ жұмыс істейтін және өлшемдері кіші аатобустардың жеке тасымалдаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдатумен толығымен жаңа автопарк салынды. Автобустардың жаңартылған паркіне қызмет көрсету үшін қала Әкімдігі шамамен 300 автобус сыятын жаңа депо салды, сонымен қатар қаланың автобустарының жаңартылған құрамын қолдану үшін АГНКС (автомобильдік газ толтыратын компрессорлық станциясы) салды.
Жобамен әзірленген Қоғамдық көлікті дамыту Стратегиясы Қызылорда қаласының қоғамдық көлік жүйесін жоспарлау, басқару және реттеу үшін барлық қажетті уәкілеттіліктермен және құзіреттіліктерге ие құрылыс ретінде Қызылорда қаласындағы Жолаушылар көлігі басқармасы (ҚЖКБ) маңызды рөл атқарады. ҚЖКБ стратегиясында жолақасын төлеуден түсетін табысты жинауға маңызды рөл беріледі , ал операторлар талап етілетін қызмет көрсету деңгейімен сәйкес қызмет көрсету үшін ҚЖКБ басшылығымен жалданады. Қызмет көрсету деңгейі әрбір бағыт үшін ТҚКК айтылады, онда ТҚКК операторлар келісімшарт негізінде қосылуға міндетті болатын коммерциялық концессия қолданыстағы келісімінің орталық элементі болып табылады. Қызылорда қаласының әкімдігі 2016 жылдың қараша айында бес әлеуметтік маңызды маршруттарға қызмет көрсету конкурсының негізінде «Қызылорда қаласының автобус паркі» ЖШС және «Коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігінің қалалық бөлімі» ММ арасында тиесілі Қызметтерді көрсету жөніндегі Келісімшарт (ҚКК) жасады. Сонымен қатар «Қорқыт Ата» әуежайынан қалалық темір жол вокзалына дейін рейстердің ұшып кету және ұшып келуінің белгілі бір диапазоны бойынша жаңа арнайы бағыт іске қосылды .
ETC TRANSPORT CONSULTANTS GMBH, GERMANY және BDC Consulting «экологиялық және әлеуметтік кешенді зерттеу» жобасының бөлігі бойынша консалтингтік қызметтер көрсетті, оған «Қызылорда қаласының автобус паркінің» экоәлеуметтік менеджменті, объектілер мен операциялары жүйесінің талдауы кіреді.
Жобаны жүзеге асыру барысында әзірленген қаржылық қызметтің қаражат ағындарын үлгілеудің негізгі бағыттары ЕҚДБ алдындағы несие міндеттемелерді өтеу көздерін құрады:
Қарызды АҚШ долларынан теңгеге айналдыру: орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік болашақта бағамдағы айырмашылықтан болатын ірі шығындарды төмендету және Компанияның қаржылық жағдайын жақсарту үшін.
Көлік желісін тиесілі қайта құру көлікке қойылатын талаптар мен ағымдағы және өзгермелі қажеттіліктерге келетін қызмет көрсету үлгілерін жеке, қол жетімді және кіріктірілген қызметтерге сүйене отырып, пайдалануға мүмкіндік берді. Жобаның кеңесшілері халықаралық өнеркәсіптік стандарттарға сәйкес тасымалдаудағы қажеттіліктердің үлгісін әзірледі. Желіні оңтайландыру бағыттары «Еуропаның кіші және орта қалаларында жоғары сапалы көлік қызметтерін көрсету жөніндегі нұсқаулықтан» алынды және, қолданыстаңы деректерді ыңғайландыру негізінде, желінің ұсынылатын конфигурациясы Қызылорда қаласының қоғамдық көліктерінің ведомстволарының ары қарай жұмыс жасаулары үшін берілді . Жолаушылар автобус аялдамаларына дейін және автобус аялдамаларынан бастап ақылға қонымды жаяу жүргінші жолдарымен тек қана қоғамдық көліктерді пайдаланып, діттеген жерлеріне жете алады.
Қазіргі таңда Қызылордадағы қоғамдық көлікті бақылау үшін жауап беретін үш ведомство бар:
Қаржы көздері |
USD млн. |
Жалпы құны |
27,11 |
ЕҚДБ траншы |
18,8 |
Облыстың бюджеттік қаражаттары және /немесе ҚР Үкіметі |
6,92 |
ЕҚДБ Техникалық Қолдау гранттары |
1,39 |