2010 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің гранты есебінен COWI RU (Ресей) BDC Consulting компаниясымен бірлесе отырып, техникалық-экономикалық негіздеме әзірледі. Сондай-ақ ЕҚДБ тарапынан тазарту құрылыстарын жаңарту және биогаз қондырғысын салу туралы шартқа қол қойылды. Инвестициялар көлемі 2,7 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Инвестициялау бағдарламасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең аяқталып, кәсіпорынға 1,14 млрд. теңгеге айналды. Бұл қаражат тазарту құрылыстарының барлық жабдықтарын жақсартылған және тиімді еуропалық технологияларға толығымен жаңатуға жұмсалды. Егер бұрын аэротенктердегі аэрацияны қамтамасыз ету үшін электр қуатының шығыны 800 кВтсағ болса, қазір ол 500 кВтсағ құрайды. Ағынды суларды тазарту көрсеткіштері толығымен мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді.
Құрылыста заманауи жабдықтар мен автоматтандыру құралдары орнатылған. Барлығы ресурстарды үнемдеуге бағытталған инновацияларды қолдану арқылы ұзақ мерзімге жасалады. Бұл тәсіл тек тазарту құрылыстарының ғана емес, сонымен қатар Шымкенттің сумен жабдықтау-кәріз шаруашылығының барлық үдерістерінің ерекшелігі болып табылады.