"АЖЭО" АҚ модернизациясы Ақтөбе қаласы

Еуропа Қайта құру және Даму банкі Қазақстанның солтүстік батысында Ақтөбе қ. орналасқан газбен жұмыс істейтін жылу электр станциясы Ақтөбе ЖЭО-ні жаңғырту және тиімділігін арттыру инвестициялық бағдарламасын қаржыландырады. Қазіргі уақытта АЖЭО 9 бу қазандығына, 6 бу турбогенератор қондырғысына, 5 су қазандығына және қажетті қосалқы жүйелерге  иелік етеді және пайдалануды жүзеге асырады.  

Консультанттардың жалпы міндеті тендерлер өткізу процесінде жобаны іске асыру тобында АЖЭО-ға көмек көрсету, жобалау, жабдықты жеткізу, құрастыру және іске қосуды қамтитын шарттардың орындалуына техникалық қадағалау жүргізу және әкімшілендіру (Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес). Жоба ауысу процесіне елеулі әсер етеді: оны аяқтағаннан кейін тиімділіктің едәуір артуы қамтамасыз етіледі, ал ілеспе газды пайдаланудың арқасында ЖЭО қуаттылығын ұлғайту электр энергиясын өндірген кезде көміртегі аз қарқынды отынға ауысуға ықпал ететін болады.