«Қызылордалық ЖЭК» АҚ-ны жаңғырту

Қызылорда энергокешені Оңтүстік Қазақстанның Біріккен энергетикалық жүйесіне кіреді және «КЕГОК» АҚ электр желілеріне тиесілі электр беру желілерімен оңтүстік өңірдің басқа энергия тораптарымен, сондай-ақ Қазақстанның Солтүстік аймағымен Байқоңыр, Құмкөл және Жезқазған қосалқы станциялары арқылы жалғанады. Қызылорда облысының қолданыстағы желісі 220 кВ-ЭЖЖ және 220/110/35 кВ-ҚС транзиттік желілерімен қалыптастырылған.

Қызылорда өңірінде «КЕГОК» АҚ электр желілері шекарасынан тұтынушыларға дейін электр энергиясының транзитін Қызылорда облысы бойынша электр энергиясын беру және тарату қызметтері бойынша табиғи монополия болып табылатын «Қызылорда электр желісін тарату компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚЭЖТК» АҚ) өз желілері бойынша жүзеге асырады. Компания толығымен облыстық әкімдікке тиесілі және 2003 жылы 1960 жылдары құрылған инфрақұрылымды мұра етіп, ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Компания бір қалалық және сегіз аудандық желілерге қызмет көрсетеді, қызмет көрсету ауданы 75600 шаршы шақырым, клиенттік базасы шамамен 150 000 және қызметкерлер құрамы 1014 адам. Қоғам балансында 9819 км. электр желілері, 1750 бірлік түрлі трансформаторлық қосалқы станциялар бар. Қоғам Басқармасының құрылымына 8 аудандық және қалалық электр желілері басқармасы, 21 қызмет пен бөлім кіреді.  Компания электр энергиясын тікелей соңғы тұтынушыларға тарататынына қарамастан, түпкі тұтынушылардан қаражат жинаумен айналысатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен тікелей шарттық қатынастар жасалады. Сондай-ақ «ҚЭЖТК» АҚ тікелей келісімшарттар негізінде электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын бірнеше ірі тікелей тұтынушылар бар. Түпкі тұтынушыларға электр энергиясын беру және тарату бойынша негізгі қызметтен басқа, «ҚЭЖТК» АҚ қосымша табыс алу үшін жеке компанияларға құрылыс-монтаждау жұмыстарын және өзге де қызметтерді жүзеге асырады

2014 жылғы қарашада ЕҚДБ энергетикалық секторды тұрақты дамыту Бағдарламасы шеңберінде «Lahmeyer International» неміс компаниясы ҚЭЖТК АҚ таратушы электр желілерінің қазіргі жағдайының тиімділігіне талдау жүргізді және желілердің жұмысқа қабілеттілігін қолдау және жаңғырту, шығындар деңгейін мүмкін болатын ең аз деңгейге дейін төмендету, сондай-ақ тұтынушылармен өзара іс-қимылды ретке келтіру міндеттерін шешу үшін 2015-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындады.  Осы міндетті шешу бағыттарының бірі жалпы ­энергия үнемдеудің едәуір бөлігін қамтамасыз ететін электр энергиясын сенімді бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ету болып табылады, оның әлеуеті энергия тұтынудың қазіргі көлемінің 1/3 астамын құрайды.

Тиісінше, әзірленген ТЭН негізінде 2014 жылғы 18 Желтоқсанда ЕҚДБ ҚЭЖТК АҚ-мен төмен және орташа кернеулі тарату желілерін жаңғырту және тарату желілеріндегі шығындарды азайту және энергия тиімділігін арттыру үшін қосалқы жабдығы бар электр энергиясын есептеуіштерді орнату жобасын қаржыландыруға кредиттік шарт жасасты. Қаржыландырудың жалпы құны - 5,7 млрд. теңге, оның ішінде ЕҚДБ кредитін қоса алғанда – 5 млрд. теңге және облыс әкімдігі тарапынан жарғылық капиталға салынған салым – 0,7 млрд. теңге;

«ҚЭЖТК» АҚ үшін жүзеге асырылатын инвестициялық бағдарламаның негізгі артықшылықтары шығындарды азайту есебінен кірістерді ұлғайту, неғұрлым сенімді жабдық есебінен пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге арналған шығындарды азайту, өлшемдерді қашықтықтан алу арқасында әкімшілік шығыстарды азайту, кірістерді ұлғайту болып табылады. Компанияның бағалауы бойынша тарату желілері мен жабдықтарын жаңғыртуға және жаңартуға жоспарланған инвестицияларды іске асыру есебінен 10/04 кВт желілердегі электр энергиясының шығындарын 2% - ға төмендетуге болады, бұл шамамен 36 млн.кВт құрайтын болады. Сонымен қатар, қысқа мерзімді жоспарда осы салада пайдалы босатылған электр энергиясының көлемін уақтылы және дәл өлшеуге, электр энергиясының ұрлануы мен коммерциялық шығынын анықтауға және азайтуға бағытталған әр АЭЖ-де электр энергиясын есепке алу топтарының жұмысын жақсарту арқылы белгілі бір жақсартуларға қол жеткізуге болады.  Сондай-ақ, ЕҚДБ ҚЭЖТК коммерциялық беделін арттыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер мен экологиялық және әлеуметтік көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған техникалық көмек жобасы арқылы компанияны институционалдық нығайтуға қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, жоба шеңберінде ҚЭЖТК қызметінің тиімділігін өлшеу және бағалау және әкімшілік есептілік үшін негіз ретінде тиімділіктің қаржылық және операциялық негізгі көрсеткіштерінің (ТНК) жинағы әзірленді және компания басшылығымен келісілді. ТНК техникалық, операциялық, коммерциялық және қаржылық көрсеткіштерді қамтиды.

 

  «ҚЭЖТК» АҚ қызметтерінің болжанатын көлемі және кірістері («ҚЭЖТК» АҚ 2018 ж дамыту жоспары)

     Кірістер           Өлшем бірлігі      2019 2020 2021 2022 2023
Транзит көлемі кВт/сағ      808 416,6           848 837,4           865 814,2           883 130,5           900 793,1    

Э/қ транзитінен түсетін кіріс

млн. KZT 3 995 5 510 5 663 5 857 6 068
     Өзге қызметтен түскен кірістер      млн. KZT 1 049 1 100 891 762 762
Барлық кірістер млн. KZT 5 044 6 610 6 554 6 619 6 830

 

2017 жылы тамыз айында "БиДиСи Консалтинг" ЖШС және испандық "Mercados – Aries International (MAI)" компаниясымен жобаны іске асыруды қолдау бойынша қызметтер көрсету, оның ішінде Жобаны техникалық сүйемелдеуді және эко-әлеуметтік бағалауды жүзеге асыру бойынша келісім шартқа қол қойды. Атап айтқанда, жобаны іске асыру бойынша қолдау келесі компоненттермен қамытылады:

1. Жобаны дайындау: жобаны іске асыру бойынша рәсімдерді әзірлеу, келісімшарттарды сүйемелдеу және және келісім шарттарды басқару;

2. Жобаны іске асыру: құрылысты қадағалау бойынша сүйемелдеу, бақылау және есеп беру, экологиялық және әлеуметтік сараптама, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

3. Жобаны аяқтау: 2016 жылы мамыр айында "БиДиСи Консалтинг" ЖШС және "Corporate Solutions Ltd" - мен (Ұлыбритания) бірлесіп, ЕҚДБ-мен көзделген техникалық ынтымақтастық шеңберінде компанияның қаржылық, өндірістік қызметін жақсарту және дамыту бөлігінде Корпоративтік даму бағдарламасы бойынша тапсырмаларды орындады. Бұл міндеттерге келесі жолдармен қол жеткізілді:

a. қаржылық және өндірістік қызмет жөніндегі бағдарламаны әзірлеу

b. компанияның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарын әзірлеу және Корпоративтік жоспарлау саласында оның әлеуетін арттыру, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

c. басқарудың ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу;

d.энергия тұтынудың жыл сайынғы мониторингі және энергия тиімділігінің негізгі көрсеткіштері үшін қажетті әдіснаманы, стандарттарды және бақылау жүйелерін әзірлеу.