Әлемдегі жетекші инвестициялық компания Energy De Portugal Renewables (EDPR) және ЖЭК-нің әлемдік жетекші әзірлеушісі RG Renovatio Group Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды әзірлеу үшін BDC Consulting компаниясымен әріптестік құрды.
BDC Consulting, Renovatio Group және EDPR болжамды ақша ағындары бар сапалы жобаларға инвестиция салу, сондай-ақ оңтайлы кірістілікті қамтамасыз ететін негізгі құзыреттіліктермен қамтамасыз етілген проблемасыз орындауды қамтамасыз ету арқылы селективті өсуге бағытталған стратегияны жүзеге асырады, мұның бәрі жобалардың қосымша құнын құруды тездетуге арналған эксклюзивті және өзін-өзі қамтамасыз ететін модель аясында. Сондай-ақ, қазіргі уақытта, BDC Consulting Renovatio-мен әріптестікте ЖЭК жеткізуге корпоративтік келісімшарттарды құрылымдау бойынша жұмыс істейді («РРА»), онда негізгі назар ЖЭК аукциондарына балама ретінде «PPA» корпоративтік келісімшарттарды басымдылыққа алуға бағытталатын болады, сол арқылы таяудағы жылдары ЖЭК нарықтық бәсекелестігін жеделдететін, энергия өндіруші кәсіпорындардың және Қазақстан Үкіметінің ЖЭК жобаларын субсидиялауды төмендетуге мүмкіндік беретін желілік Паритет моделін енгізуге және одан әрі ілгерілетуге ықпал етеді.
BDC Consulting, Renovatio қолдауымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері департаментінің, «KEGOC» АҚ, «KOREM» АҚ, БҰҰДБ басшылығымен, Қазақстанның бірқатар өңірлерінің әкімдіктерімен тиісті таныстыру кездесулерін өткізгеннен кейін, Қызылорда облысы, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының әкімдіктерімен ЖЭК-ті пайдалана отырып электр энергиясын өндіру объектілерін құру жөніндегі жобаларды дайындау мен іске асыруда және өткізілетін және/немесе жоспарланатын бағдарламалардың бірыңғай саясаты мен тәсілдерін қалыптастыру бойынша ынтымақтастық қағидаттарын белгілеу туралы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.
Қазақстанның электр энергетикасы секторына инвестиция салуға өзінің мүдделілігін ұстана отырып, BDC Consulting Renovatio-мен әріптестікте Қызылорда қаласында қуаты 120 МВ-қа дейінгі «Бурхан» КЭС бірінші фазасын және Жамбыл және Ақтөбе облыстарында бірнеше жел электр станцияларын салу үшін геотехникалық іздестірулер мен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді жүргізді.
BDC Consulting, EDPR және Renovatio Қазақстанда ЖЭК секторын дамытуға инвестициялар тартудың өсуіне қарай халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, осы консорциумның жел және күн электр станцияларын, сондай-ақ Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің электр желілік инфрақұрылымын әзірлеуге және салуға инвестициялар көлемін одан әрі кеңейту стратегиясына орай ЖЭК нарығын құрылымдаудың неғұрлым прогрессивті бәсекеге қабілетті тетіктерін енгізу қажет деп пайымдайды.