Қызылорда қ. сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту

ЕҚДБ қаржыландыратын жоба «Қызылорда Су Жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қаланы сумен жабдықтау және ағынды сулар жүйесін қалпына келтіру және жаңартуға техникалық көмек көрсетуді көздейді. Несие Қызылорда қаласының ескірген сумен жабдықтау және ағынды су инфрақұрылымының бөліктерін ауыстыруға және жаңартуға, энергия тұтынуды және су шығынын азайтуға, сумен жабдықтау қызметтерінің сенімділігі мен сапасын арттыруға, техникалық қызмет көрсету мен пайдалану шығындарын төмендетуге, сондай-ақ заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайтуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру нәтижесінде энергия тиімділігі жақсарып, судың шығыны едәуір төмендейді.

BDC Консалтинг, Corporate Solutions Consulting UK  бірлесіп, «Қызылорда Су Жүйесі» МКК қаржылық тұрақтылықты жақсартуға және экологияға оң көз қарасты ескере отырып, тиімді жұмыс істеуге және мүдделі тараптардың қатысу бағдарламасын іске асыруға көмектесті.

Жоба үш негізгі компоненттен құралды:

Негізгі тиімділік көрсеткіштерінің жиынтығын әзірлеу

Корпоративтік даму бағдарламасының маңызды мақсаты Қаржылық және операциялық тиімділікті жақсарту бағдарламасын (ҚОТЖБ) әзірлеу және жүзеге асыру болды. ҚОТЖБ жобасы келісілген негізгі тиімділік көрсеткіштер жиынтығының (НТК) қолдауын иеленді, олар бойынша «Қызылорда Су Жүйесі» қызметінің операциялық және қаржылық көрсетіштерін өлшеуге болады. Өнімділіктің негізгі талдау негізінде өнімділікті бақылау әдісі әзірленді және ұсынылды.

Коммуналдық қызмет көрсету шартының және Басқару қызметтерін көрсету шарттының жобасын дайындау

Консультанттар «Қызылорда Су Жүйесі» МКК тығыз ынтымақтастықта, қалалық әкімдікпен және салалық реттеушімен келісе отырып, қаржылық тұрақтылыққа тек сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін физикалық қалпына келтіруге инвестициялар есебінен ғана қол жеткізу мүмкін еместігін түсініп, Компанияның корпоративтік жоспарлауы мен басқаруын нығайтуға үлес қосты. Енгізуге  ұсынылған жаңартылған Қызмет көрсету туралы шартқа кіреді:

  • Тұтынуы мен қаланың өндірістік және сумен жабдықтау жүйесінің экономикалық, техникалық және экологиялық тұрақтылығы арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу үшін су ресурстарын тиімді пайдалану;
  • Шығындарды өтеу және осы шығындарды көрсететін тарифтер, сондай-ақ суды өндіруге және жеткізуге шығындар тұтынушылардың төлемдерімен толығымен жабылатындай, ал субсидиялар тек халықтың осал тобына ғана ұсынылатындай етіп тұрғындардың шоттарды төлеуге дайын болуы;
  • Судың сапасы, сумен жабдықтаудың сенімділігі, ағынды суларды қажетті деңгейде тазарту, өтімділік, ашықтық және есеп беру, тиімділік көрсеткіштерінің негізінде тұтынушылармен қарым-қатынас тұрғысынан су арнасының жұмысын жақсарту.

Сондай-ақ Corporate Solutions UK және BDC Consulting консультанттары әкімдікке тиесілі «Қызылорда Су Жүйесі» МКК қаржылық және операциялық тиімділікті, сондай-ақ қызмет көрсету сапасы мен коммерциялық жағдайды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының сатып алу ережелері мен рәсімдерін, Басқару қызметін көрсету туралы шартқа («БҚКШ») сәйкес бес жылдық басқару келісімшарты негізінде Кәсіпорын қызметін басқаруға конкурстық негізде фирманы немесе фирмалар тобын тартуға арналған құжаттар тізімін әзірледі және бейімдеді. Тәжірибелі және беделді Басқарушының қатысуы болашақта әкімдікке тұтынушыларға қызмет көрсетудің, сондай-ақ экономикалық тұрақтылық пен сумен жабдықтау және ағынды суларды тазарту нысандарын, инфрақұрылым мен қызметтердің тиімділігін, өміршеңдігі мен сапасын арттыруға көмектеседі.

БҚКШ шарттарына сәйкес Басқарушы шарттың әрекет етуі мерзімі ішінде тиісті өкілеттіктерге ие болады және белгіленген қызмет көрсету аймақтарындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйесін басқару, пайдалану және техникалық қызмет көрсетуге жауап береді, сондай-ақ Кәсіпорын қызметкерлерін басқарады және тапсырма береді, әкімдікпен келісім бойынша қосымша қызметкерлерді жалдайды немесе жұмыс істеп жүріген қызметкерлерді жұмыстан шығарады. Кәсіпорын қызметкерлердің заңды жұмыс берушісі болып қалады және оларға еңбекақы төлейді, ал Басқарушы өзінің сенімхаты аясында кәсіпорынның қаржылық қызметін бақылау құқығын иеленеді.

Қаржылық көрсеткіштерді жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу

Міндеттемелер туралы есептер, оның ішінде ХҚЕС қаржылық есептілік форматының коэффициенттері мен тиімділігінің талдауы тоқсан сайын және жыл сайын дайындалып, Несие келісімінің ковенанттарына сәйкес ЕҚДБ-ға ұсынылатын болады. BDC Consulting консультанттары қаржылық көрсеткіштерді жақсарту және қаржылық жоспарлау мен бюджетті әзірлеу процедураларын нығайту, ұзақ мерзімді қаржылық болжамдарды дайындау процедураларын әзірлеу және әкімшілік есептілік жүйесін енгізу бойынша өндірістен қол үзбей оқытуды жүргізді.

Шоттарды ұсыну мен кірістерді жинау рәсімдерін жетілдіру

Жинақтау мен сатудың атқарымдары мен рәімдерін, сондай-ақ шоттарды ұсынудың қолданыстағы жүйесін егжей-тегжейлі бағалау, BDC Consulting консультанттарына сату жүйесінің шоттарды ұсыну және есептілік жүйесінің сапасын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік берді.

Операциялық тиімділік

«Қызылорда Су Жүйесі» МКК операциялық тиімділігін арттыру үшін BDC Consulting суды жұмсаудың тиімді деңгейінің бағалауын жүргізілді.  Бұл іс-әрекеттің мақсаты компанияға суды жұмсауды басқарудың тиімді жүйесін енгізуге мүмкіндік беру, сумен жабдықтау және кәріз нысандарындағы техникалық қызмет көрсету шараларын біріктіру арқылы техникалық қызмет көрсету атқарымының тиімділігін арттыру болды.

Экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу

«Ақбұлақ» АҚ-ға көмек көрсету аясында еңбек, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) саясаты әзірленді және тұтынушыларға қызметтерге қатысты мәселелер туралы хабарлау үшін кері байланыс тетігі енгізілді (aoakbulak.kz  компанияның ресми сайтында кері байланыс нысаны арқылы шағым жасау).

Консультант ISO 14001, OHSAS 18001, ISO DIS 45000 халықаралық стандарттарына сәйкес қоршаған ортаны, денсаулық пен қауіпсіздікті сақтауға арналғана менеджменттің біріктірілген жүйесін енгізу сынды тақырыптар бойынша қызметкерлерді оқытты, сондай-ақ оларды жүзеге асыруға арналған құжаттар пакеті (рәсімдер мен саясат) әзірленіп, АКБ-ға ұсынылды.

Қоғаммен және тұтынушылармен байланыс

Жобаның осы тұсы тұтынушыларды Компанияға заңсыз қосылу фактілері туралы, суды есептегіштерден айналып өтетін немесе есептегіштердің көрсеткіштерін өзгертетін тұтынушылар және өрт гидранттарын пайдаланатын тұтынушылар туралы хабарлауға ынталандыру үшін тұтынушыларды ақпараттандыру бағдарламасын жасауға бағытталған деп шешілді.

Бизнес-жоспарды әзірлеу

Консультант Компанияға корпоративті жоспарлау үдерісін әзірлеу мен және жүзеге асыруға көмектесті, оның аясында кәсіпорынды одан әрі дамыту және өміршең коммерциялық ұйымға айналдыру мақсатында тұрақты корпоративтік, қаржылық және операциялық жетілдірулерге бағытталды. Осы тұста Консультант Компанияға өзгеретін жағдайларды, ақпараттың жаңаруын және жұмыстарды орындауын ескере отырып, дамитын, жыл сайынғы өзгермелі жоспардың бастауына айналған бизнес-жоспарды дайындауға көмектесті.

Тарифтік саясат және әдіснама

ЕҚДБ жобасы аясында Ernst & Young фирмасы дайындаған тарифтік ұсынымдарды іске асыруда Компанияға көмектесудің мақсаты жаңа тарифтік әдіснаманы қолдану болды, ол Қазақстанның муниципалдық сумен жабдықтау секторының басқа да кәсіпорындары ұстана алатын жетекші қағидаттарды орнату үшін эксперименттік негізде оларды қолдану қажеттілігін көздейді.

BDC Consulting Консультанттары сонымен қатар CECT RU-ға жобаның іске асырылуын қолдауға, соның ішінде Қызылорда қаласының сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жаңартуға арналған тауарлар мен қызметтерді сатып алуға көмектесуде жәрдемдесті.