Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына, Қызылорда қаласындағы орталықтандырылған жылумен жабдықтаумен айналысатын муниципалдық компанияға қаладағы орталықтандырылған жылумен жабдықтау инфрақұрылымын қайта жаңарту және жаңғырту мақсатында басым инвестициялар бағдарламасын («БИБ») жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін кредит берді.
Электр және жылу өндіретін көптеген қуаттардың, сондай-ақ орталықтандырылған желінің жағдайы айтарлықтай нашарлады. Соңғы онжылдықта кәсіпорын мұнайды ауыр газойль мен табиғи газға ауыстыру арқылы ЖЭО жаңартуды бастады. Осының нәтижесінде 2005 жылы табиғи газбен жұмыс істейтін алғашқы турбина пайдалануға берілді.
Кәсіпорын қаланың электр энергиясына деген қажеттілігінің 50% - ға жуығын және жылу энергиясының 90% - ға жуығын қамтиды. Қазіргі уақытта электр энергиясына деген сұраныстың қалған бөлігі көрші индустриалды аймақтардың қымбат көздеріне тиесілі, ал ыстық су негізінен тұрғындар орнатқан жеке су жылытқыштарымен өндіріледі.
Кәсіпорын мен әкімдік (және мемлекеттік қызметті басқару шартының талаптарының негізінде әрекет ететін болашақ басқарушы компания) кәсіпорынның коммерциялық беделін, қызмет көрсету деңгейін, қызметінің экологиялық және әлеуметтік тиімділігін жақсартуы тиіс. Негізгі мақсаты ЕҚДБ қаржылық құжаттамасында көзделген тиісті шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті корпоративтік, қаржылық және операциялық жақсартуларды айқындау және жүзеге асыру болып табылады.
CECT RU және BDC Consulting консалтингтік компаниялары тауарлар мен қызметтерді сатып алуға көмек көрсетуді қоса алғанда, жобаны іске асыруды қолдау бойынша қызметтер көрсетті.
Жоба желілерді қайта құру, бірқатар газ турбиналарын ауыстыру және жылумен жабдықтауды автоматтандырылған бақылау мен реттеуді қамтамасыз ететін жылу есептегіштермен жабдықталған жеке қазандықтарды («ЖҚ») орнату арқылы орталықтандырылған жылумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғырту және оңтайландыру бойынша шараларды қарастырды. Бұл энергия тиімділігін арттыруға, ыстық су шығынын және жүйеде жылу шығынын азайтуға, сондай-ақ экологиялық талаптарды мүлтіксіз сақтауға әкеледі.
Жоба инфрақұрылымды қайта құру және жаңғырту, энергияны пайдалану тиімділігін арттыру, жылу мен ыстық судың шығынын едәуір азайту және экологиялық стандарттарды жетілдіру, соның ішінде СО2 шығарындыларын азайту мақсатында басым инвестицияларды жүзеге асыру арқылы орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтерінің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл процесс сектор реформаларын қолдай отырып және тұтастай алғанда, елде елеулі демонстрациялық ықпал көрсете отырып, ОЖЖ кәсіпорнының қызметін коммерцияландыруды ынталандыратын болады.
Жабдыққа салынған инвестициямен қатар, жоба сатып алу, коммерцияландыру, кредит қабілеттілігін арттыру және Қызылорда қаласындағы экологиялық ахуалды жақсарту саласында кәсіпорынның дамуына және ұйымдық нығайтылуына ықпал етті.