Қызылорда облысында күн электр станциясы пайда болады

Қызылорда облысында $100 млн-ға күн электр станциясын салғысы келеді, деп хабарлайды LS өңірлік әкімдікке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Қызылдорда облысының әкімдігі EDPR өкілі «Renovatio Group» компаниясымен, сондай-ақ «BDC Consulting» ЖШС-мен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын электр станцияларын құру жобаларын іске асыру туралы меморандумға қол қойды.

"200 МВт күн электр станциясының құрылыс құны $100 млн құрайды, жоба 2020 жылдың ақпан айында басталады", – делінген хабарламада.

Құрылыс 2019 жылдың IV тоқсанында басталады. СЭС-ті іске қосу 2021 жылдың соңына жоспарланған.

 

Ақпарат "energy MEDIA ақпараттық-салалық ресурсы" сайтынан алынды https://eenergy.media/2020/01/16/v-kyzylordinskoj-oblasti-poyavitsya-solnechnaya-stantsiya-za-100-mln/