Сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту, Ақтөбе

«Ақбұлақ» акционерлік қоғамы Ақтөбе облысының әкімдігімен және Ақтөбе қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, ЕҚДБ-ға Ақтөбе қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру қызметін жаңарту жобасына техникалық көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді. BDC Consulting Corporate Solutions Consulting UK бірлесіп, «Ақбұлақ» АҚ-ға қаржылық тұрақтылықты жақсартуға және экологияға оң көз қарасты ескере отырып, тиімді жұмыс істеуге және мүдделі тараптардың қатысу бағдарламасын іске асыруға көмектесті көмектесті.

Жоба негізгі үш компоненттен құралды:

Негізгі тиімділік көрсеткіштерінің жиынтығын әзірлеу

Корпоративтік даму бағдарламасының маңызды мақсаты Қаржылық және операциялық тиімділікті жақсарту бағдарламасын (ҚОТЖБ) әзірлеу және жүзеге асыру болды. ҚОТЖБ жобасы келісілген негізгі тиімділік көрсеткіштер жиынтығының (НТК) қолдауын иеленді, олар бойынша «Ақбұлақ» АҚ қызметінің операциялық және қаржылық көрсеткіштерін өлшеуге болады. Өнімділіктің негізгі талдау негізінде өнімділікті бақылау әдісі әзірленді және ұсынылды.

Коммуналдық қызмет көрсету шартының жобасын дайындау

Консультанттар «Ақтөбе» АҚ тығыз ынтымақтастықта, қалалық әкімдікпен және салалық реттеушімен келісе отырып, қаржылық тұрақтылыққа тек сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін физикалық қалпына келтіруге инвестициялар есебінен ғана қол жеткізу мүмкін еместігін түсініп, Компанияның корпоративтік жоспарлауы мен басқаруын нығайтуға үлес қосты. Енгізуге  ұсынылған жаңартылған Қызмет көрсету шартына 2018 жылдың шілдесінде «Ақтөбе» АҚ мен Ақтөбе қаласының әкімдігі арасында қол қойылды және оған мыналар кіреді:

  • Тұтынуы мен қаланың өндірістік және сумен жабдықтау жүйесінің экономикалық, техникалық және экологиялық тұрақтылығы арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу үшін су ресурстарын тиімді пайдалану;
  • Шығындарды өтеу және осы шығындарды көрсететін тарифтер, сондай-ақ суды өндіруге және жеткізуге шығындар тұтынушылардың төлемдерімен толығымен жабылатындай, ал субсидиялар тек халықтың осал тобына ғана ұсынылатындай етіп тұрғындардың шоттарды төлеуге дайын болуы;
  • Судың сапасы, сумен жабдықтаудың сенімділігі, ағынды суларды қажетті деңгейде тазарту, өтімділік, ашықтық және есеп беру, тиімділік көрсеткіштерінің негізінде тұтынушылармен қарым-қатынас тұрғысынан су арнасының жұмысын жақсарту.

Қаржылық көрсеткіштерді жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу

Міндеттемелер туралы есептер, оның ішінде ХҚЕС қаржылық есептілік форматының коэффициенттері мен тиімділігінің талдауы тоқсан сайын және жыл сайын дайындалып, Несие келісімінің ковенанттарына сәйкес ЕҚДБ-ға ұсынылатын болады. BDC Consulting консультанттары қаржылық көрсеткіштерді жақсарту және қаржылық жоспарлау мен бюджетті әзірлеу процедураларын нығайту, ұзақ мерзімді қаржылық болжамдарды дайындау процедураларын әзірлеу және әкімшілік есептілік жүйесін енгізу бойынша өндірістен қол үзбей оқытуды жүргізді.

Шоттарды ұсыну мен кірістерді жинау рәсімдерін жетілдіру

Жинақтау мен сатудың атқарымдары мен рәімдерін, сондай-ақ шоттарды ұсынудың қолданыстағы жүйесін егжей-тегжейлі бағалау, BDC Consulting консультанттарына сату жүйесінің шоттарды ұсыну және есептілік жүйесінің сапасын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік берді.

Операциялық тиімділік

«Ақтөбе» АҚ операциялық тиімділігін арттыру үшін BDC Consulting суды жұмсаудың тиімді деңгейінің бағалауын жүргізілді.  Бұл іс-әрекеттің мақсаты компанияға суды жұмсауды басқарудың тиімді жүйесін енгізуге мүмкіндік беру, сумен жабдықтау және кәріз нысандарындағы техникалық қызмет көрсету шараларын біріктіру арқылы техникалық қызмет көрсету атқарымының тиімділігін арттыру болды

Экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу

«Ақбұлақ» АҚ-ға көмек көрсету аясында еңбек, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) саясаты әзірленді және тұтынушыларға қызметтерге қатысты мәселелер туралы хабарлау үшін кері байланыс тетігі енгізілді (aoakbulak.kz  компанияның ресми сайтында кері байланыс нысаны арқылы шағым жасау).

Консультант ISO 14001, OHSAS 18001, ISO DIS 45000 халықаралық стандарттарына сәйкес қызметкерлерді қоршаған ортаны, денсаулық пен қауіпсіздікті сақтау бойынша менеджменттің біріктірілген жүйесін енгізу сынды тақырыптар бойынша оқытты, сондай-ақ  АКБ-ға оларды жүзеге асыруға арналған құжаттар пакеті (рәсімдер мен саясат) ұсынылды.

Қоғаммен және тұтынушылармен байланыс

Жобаның осы тұсы тұтынушыларды Компанияға заңсыз қосылу фактілері туралы, суды есептегіштерден айналып өтетін немесе есептегіштердің көрсеткіштерін өзгертетін тұтынушылар және өрт гидранттарын пайдаланатын тұтынушылар туралы хабарлауға ынталандыру үшін тұтынушыларды ақпараттандыру бағдарламасын жасауға бағытталған деп шешілді.

Бизнес-жоспарды әзірлеу

Консультант Компанияға корпоративті жоспарлау үдерісін әзірлеу мен және жүзеге асыруға көмектесті, оның аясында кәсіпорынды одан әрі дамыту және өміршең коммерциялық ұйымға айналдыру мақсатында тұрақты корпоративтік, қаржылық және операциялық жетілдірулерге бағытталды. Осы тұста Консультант Компанияға өзгеретін жағдайларды, ақпараттың жаңаруын және жұмыстарды орындауын ескере отырып, дамитын, жыл сайынғы өзгермелі жоспардың бастауына айналған бизнес-жоспарды дайындауға көмектесті.

Тарифтік саясат және әдіснама

ЕҚДБ жобасы аясында Ernst & Young фирмасы дайындаған тарифтік ұсынымдарды іске асыруда Компанияға көмектесудің мақсаты жаңа тарифтік әдіснаманы қолдану болды, ол Қазақстанның муниципалдық сумен жабдықтау секторының басқа да кәсіпорындары ұстана алатын жетекші қағидаттарды орнату үшін эксперименттік негізде оларды қолдану қажеттілігін көздейді.