Қызылорда электр тарату желісі жүйесін жаңғырту

Лондон қаласында  ЕҚҚДБ-мен кредит шартына қол қойғаннан кейін 2014 жылғы 18 қарашадан Еуропа Қайта құру және даму банкімен бірге Қызылорда облыстық электр желілерін жаңғырту жобасы бастау алды. Кредиттік келісімнің жалпы сомасы 5,7 млрд. теңгені құрайды.      

Бұл жобаны іске асыру тораптардағы кернеу режимін жақсартуға, желілердің өткізу қабылетін арттыруға және электр энергиясы ысырабын төмендетуге ықпал етеді. Пайдалану шығындары  80%-ға, ал электр желілерінің қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін ұлғаяды. Осылайша,  үздіксіз энегриямен жабдықтаумен  қамтамасыз ету үшін ҚЭТК дамытуға инвестициялар тарту міндеті  кезең-кезеңмен шешілетін болады. 

ЕҚҚДБ техникалық  жәрдемдесу бағдарламасы шеңберінде жоба консультанттарын сайлау өткізілді.  

2016 ж. мамырдан бастап жалпы сомасы 4,6 млн АҚШ долларына 3 іріктеу жүргізілді.  

Корпоратвитік даму бағдарламасын дайындауды, жобаларды іске асыру тобын құру және оның қызметкерлерін оқытуға, сервистік шарттар  мен қызмет көрсеткіштерінің жүйесін әзірлеуге жәрдемдесу, келісімшарттарды басқару мен әкімшілендіруге жәрдемдесуді қамтығанда, нақты инвестициялық бағдарламаларды іске асыратын  кәсіпорынның корпоративтік және институционалдық даму жоспарларын сүйемелдеу мен  жоспарлауды   BDC Consultingпен бірге «Corporate Solution» (Ұлыбритания) компаниясы жүзеге асырады.

Жобаларды іске асыру кезеңінде бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін (сапаны бақылау, құрылысты қадағалау, жұмыстарды орындау мерзімдерін бақылау, персоналды оқыту)  BDC Consultingпен бірге AF Mercados консалтингілік компаниясы тартылды.